Жұмыс сапары барысында Ресейдегі міндетті медициналық сақтандыру жүйесіндегі тарифтік саясат, медициналық ұйымдардың жұмыс нәтижелілігін бағалау әдістемесі және жүйенің цифрландырылуы зерттелді.
2024 жылдың 8-11 желтоқсаны аралығында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (ӘМСҚ) басқарма төрағасы Әбілқайыр Сқақовтың басшылығымен жұмыс сапарымен Мәскеуге барып, Ресейдің міндетті медициналық сақтандыру қорымен (ММСҚ) тәжірибе алмасып, ынтымақтастықты нығайту мақсатында іс-шараларға қатысты.
Еске сала кетейік, осы жылдың қыркүйек айында ресейлік делегацияның Астанаға сапары барысында міндетті медициналық сақтандыру саласында ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі меморандумға қол қойылған болатын. Бұл кездесу меморандум ережелерін жүзеге асырудың бір бөлігі ретінде ұйымдастырылып, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталды.
Сапар барысында қазақстандық делегация Ресей Федерациясының ММСҚ орталық кеңсесінде кездесулер өткізді. Онда қор қызметінің негізгі бағыттары қаралды. Ерекше назар аударылған мәселелер қатарында аумақтық ММС бағдарламаларын қалыптастыру және мониторинг жүргізу,
тарифтік саясат, жүйені цифрландыру, алғашқы медициналық-санитарлық көмекті қаржыландыру және ынталандыру, медициналық ұйымдардың жұмыс нәтижелілігін бағалау болды.
Қазақстандық делегация Ресейде 30 жылдан астам уақыт бойы тұрақты жұмыс істеп келе жатқан міндетті медициналық сақтандырудың кепілдік бағдарламасын жүзеге асыру тәжірибесімен танысты. Ресейлік әріптестер медициналық көмек көрсету нормативтері, төлем әдістері және басқа өңірлерден келген пациенттерге медициналық көмек көрсету үшін қолданылатын өңіраралық есеп айырысу тәсілдері туралы егжей-тегжейлі ақпарат берді.
Бұдан бөлек, Ресейде міндетті медициналық сақтандыруды жүзеге асыруға сақтандыру компаниялары белсенді түрде қатысады.
10 желтоқсан күні делегация М.Ф. Владимирский атындағы МОНИКИ медициналық ұйымына және «Капитал МС» ЖШҚ филиалына барды. Онда тараптар сақтандыру бағдарламаларын іске асыру бойынша тәжірибе алмасты. Бұл жұмыс сапары Қазақстанда міндетті медициналық сақтандыру жүйесін одан әрі дамытуға ықпал ететін тығыз кәсіби байланыс орнатуға мүмкіндік берді.
Еске сала кетейік, осы жылдың қыркүйек айында ресейлік делегацияның Астанаға сапары барысында міндетті медициналық сақтандыру саласында ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі меморандумға қол қойылған болатын. Бұл кездесу меморандум ережелерін жүзеге асырудың бір бөлігі ретінде ұйымдастырылып, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталды.Сапар барысында қазақстандық делегация Ресей Федерациясының ММСҚ орталық кеңсесінде кездесулер өткізді. Онда қор қызметінің негізгі бағыттары қаралды. Ерекше назар аударылған мәселелер қатарында аумақтық ММС бағдарламаларын қалыптастыру және мониторинг жүргізу,
тарифтік саясат, жүйені цифрландыру, алғашқы медициналық-санитарлық көмекті қаржыландыру және ынталандыру, медициналық ұйымдардың жұмыс нәтижелілігін бағалау болды.
Қазақстандық делегация Ресейде 30 жылдан астам уақыт бойы тұрақты жұмыс істеп келе жатқан міндетті медициналық сақтандырудың кепілдік бағдарламасын жүзеге асыру тәжірибесімен танысты. Ресейлік әріптестер медициналық көмек көрсету нормативтері, төлем әдістері және басқа өңірлерден келген пациенттерге медициналық көмек көрсету үшін қолданылатын өңіраралық есеп айырысу тәсілдері туралы егжей-тегжейлі ақпарат берді. Бұдан бөлек, Ресейде міндетті медициналық сақтандыруды жүзеге асыруға сақтандыру компаниялары белсенді түрде қатысады.
10 желтоқсан күні делегация М.Ф. Владимирский атындағы МОНИКИ медициналық ұйымына және «Капитал МС» ЖШҚ филиалына барды. Онда тараптар сақтандыру бағдарламаларын іске асыру бойынша тәжірибе алмасты. Бұл жұмыс сапары Қазақстанда міндетті медициналық сақтандыру жүйесін одан әрі дамытуға ықпал ететін тығыз кәсіби байланыс орнатуға мүмкіндік берді. 13.12.2024
66% считают статью полезной
Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
Қазақстан денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне көшуде
2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ денсаулық сақтауды қаржыландыруды мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне көшуге дайындықтың бірінші кезеңін аяқтады.
Жүргізіліп жатқан
трансформация мемлекеттік ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру, денсаулық
сақтау...
08.07.2026
БАНКТЕРДІҢ МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАЛАРЫНДАҒЫ PUSH-ХАБАРЛАМАЛАРДАН КЕЙІН 835 МЫҢНАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ САҚТАНДЫРЫЛҒАН МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы push-хабарламалар жіберу жолымен азаматтарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіндегі мәртебесі туралы хабардар ету сервисінің жұмыс нәтижелеріне талдау жүргізді.
02.07.2026
ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫНДА ҚОҒАМДЫҚ-КОНСУЛЬТАТИВТІК КЕҢЕСТІҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН ҚҰРАМДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Кездесу Медицина қызметкерлері күні қарсаңында ұйымдастырылып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелерін талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.
23.06.2026



